Футболдан ашық турнир өтті PDF Печать E-mail
11.05.2015 18:00

6-9 мамыр аралығында Абай ауылдық округіндегі Халықтар достығы елді мекенінде Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Серікбай Мырзадиновты еске алуға арналған футболдан ХIV-ші дәстүрлі ашық турнирі өтті.
Турнирге жалпы саны 54 команда қатысты. 1 ші орынды «Келес 50» командасы, 2-ші орынды «Әльмира» командасы, ал, 3-ші орынды «Мақтарал» командасы иеленді

    Жүлделі орындарды иемденген командалар, демеушілер есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Подробнее...
 
Каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионаты Грузия мемлекеті 2015жыл PDF Печать E-mail
11.05.2015 18:00

Мамыр айының 1-3 жұлдызы аралығында  Грузия мемлекетінде каратэ-до Шотоканан Әлем чемпионаты болып өтті.Осы чемпионатқа Қазақстан Республикасының құрамасы сапында төбелесіп журген Мақтарал аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің каратэ-до Шотокан түлектері де әлем чемпионатына қатысты.Атап айтсақ:                                                  
1. Дәуіт Жандос   І-орын.
2.Катешов Мади  І-орын.
3.Катешов Қанат  І-орын.
Біздің мектептегі жаттықтырушысы Алисултанов Ибрагим,  Мақтарал аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебі» КММ-де каратэ-до Шотокан бөлімінің  жаттықтырушысы.

Подробнее...
 
Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюст ашылды. PDF Печать E-mail
05.05.2015 18:00

04 мамыр күні ОҚО Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі «Кетебай» ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі алдынан «Жеңістің 70 жылдығына» арналған ауқымды іс-шара болды. Іс шара аясында Кеңес Одағының батыры Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызының 90 жылдығына арнап ескерткіш-бюст пен мемориалдық тақта ашылды. Мемориалдық тақтаға осы ауылда туып өскен 45 соғыс  ардагерлерінің есімдері жазылған.

Подробнее...
 
Бір тал кессең - он тал ек! PDF Печать E-mail

2015 жылдың 18 сәуірі бүкіл еліміз бойынша ағаш егу күні болып жариялануына байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарын тарта отырып, ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында студент жастар қала көшелеріне, әсіресе Л.Тоқбергенов атындағы көше бойына ағаш көшеттерін отырғызып, қаламызды жасыл желекке айналдыруда өз үлестерін қосуға ат салысты. Игі шараға «Сырдария» университетінің, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық, Жетісай медициналық, «Жанықұл» колледждерінің 100-ге жуық тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

 
Депутат ардагерлермен кездесті PDF Печать E-mail
11.05.2015 18:00

Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Мақтарал ауданының құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбіш ауданымызға келіп, 5 аудан бойынша өз сайлаушыларымен кездесіп, соғыс және тыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.
Алғашқы кездесуін Ералиев ауылдық округіндегі мәдениет үйінен бастады. Жалпы саны 300 ге тарта ардагердің әрбіріне ақшалай сыйлық, үнді шәйі мен қыстық былғары етік тарту етті.
Осындай бас қосулар «Қызылқұм», «Атамекен», «Абай», «Мақталы» ауылдық округтерінде де өтті.

Подробнее...
 
Қаламызда «Жас келсе іске !» атты акциясы болып өтті. PDF Печать E-mail

«Қартқа құрмет - балаға міндет» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең дегендей, өмірлері өнегеге, көкіректері шежіреге толы қарттарымыз қашанда тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы. Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Үлкенге құрмет көрсету, сыйлау сынды құндылықтарды жастардың бойына сіңіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жас келсе іске» акциясы болып өтті. Көмекке мұқтаж жалғызбасты аналарымызға көмек көрсету акциясына жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері мен жастар комитеті төрағалары, әлеуметтік қызметкерлер және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Ұлдар жағы қолдарына күректерін алып, бау – бақшасын абаттандырып, қыздар жағы үй жұмыстарын істеп, ауласын тазалады.

Подробнее...
 
Аудан әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыны өтті PDF Печать E-mail

Жуырда Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков Жетісай атындағы драма театрында «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   «Жайдарман»   сайысы  болып  өтті. Аудан  әкімінің  жүлдесі  үшін  өткен   көңілді  тапқырлар   сайысы   аудандағы  ең  таңдаулы   құрама топтардың   басын   қосты. «Жүзден   жүйрік, мыңнан  тұлпар»  танылған  жиырма команданың ішінен  он команда іріктеліп алынды. Көңілді  тапқырлардың   кешін  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің   басшысы   Пердеш   Есенбеков ашып, қатысушыларға сәттілік  тіледі.
Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді. Сайысты   бағалаушы   әділ қазылардың   қатарында   аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, «Жас  Отан»  жастар   қанатының  атқарушы  хатшысы   Мұхтар   Бейсенбаев, «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мұрат Нұрымбетов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ренгүл Алтынбекова, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтаарал аудандық филиалы директоры Сүндет Кенжебаевтар болды.

Подробнее...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 9 из 35

Блок акима

Погода

Баннер

Опросы

Оцените наш новый сайт!
 

Кто на сайте

Сейчас 10 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!