Отан үшін кеудесін отқа тосқан, Әр ардагер біз үшін үлгі – дастан! PDF Печать E-mail
26.05.2015 18:00

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатымен бірге,  «Жастар орталығы» мекемесінің ұжымы аудандағы онға жуық ардагерлердің үйлерін аралап, мерекелерімен құттықтап, хал-жағдайларын  сұрап шықты.   
Жас ұрпақтың өздерін іздеп келгенін көрген қариялардың жүректері жылып, қуаныш пен мақтаныштан масайраған жүздерінде бір сәт жастық нұры ойнады.   
Жалпы Мақтарал ауданының жастары бұл игі іс-шараны тек мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты ұйымдастырып тұрады.

 
Мақтарал аудан әкімі түлектерді құттықтады PDF Печать E-mail
25.05.2015 18:00

           Бүгін Мақтарал ауданының барлық  мектептерінде  «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті. Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы мен Мырзакент кентіндегі Абылайхан атындағы жалпы орта мектептерінде өткен кезекті іс-шараларға аудан әкімі Серік Тұрбеков қатысты. Аудан басшысы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды атаулы оқиғамен құттықтап, түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас буынға ақ жол тіледі.
 Биыл ауданымызда 4476 түлек  11 сыныпты бітірді.Олардың 109 «Алтын белгіге» , 44 –і үздік аттестатқа үміткер.
Аудан бойынша 3917 бала қазақ , 252 –сі орыс, 221-і тәжік,  95-сі өзбек тілдерінде білім алған. Биылғы жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 2635 бала  қатыспақ.
Ал, 9 сынып бойынша жалпы саны 551 бала бітірсе, олардың 413-і үздік аттестатқа үміткерлер.

Подробнее...
 
«Жеңіске тағзым» автошеруі PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:15

Жетісай  қаласындағы орталық алаңда Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық  Жастар орталығының  ұйымдастыруымен «Жеңіске тағзым» атты автошеру болып өтті.   Бұл  іс – шараға ауданымыздың еңбек ардагерлері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мекеме қызметкерлері, «Сырдария» университеті мен колледждердің студент жастары қатысты. Қаз-қатар тізілген автокөліктер ең алдымен «Қарақай» ауылдық округіндегі «Кетебай» ауылындағы жаңадан ашылған Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова  апамыздың ескерткішіне, содан кейін «Ынтымақ», Ш.Ділдабеков, А.Қалыбеков, Бірлік, Ж.Нұрлыбаев  ауылдық округтеріндегі, Асықата, Атакент, Мырзакент кенттеріндегі үлкен ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан боздақтардың рухы мен ерлігін еске алып, тағзым етті, құран бағыштады.

Подробнее...
 
Жас туристтер сынға түсті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:12

Жуырда  Жетісай  қаласындағы  «Жастар»  саябағында  аудандық   Жастар  орталығы  және   Балалар   мен   жасөспірімдер  шығармашылық   орталығының   ұйымдастыруымен   жастар  арасында   туристік   көпсайыстан  «Көктем  найзағайы»  атты   жарысы   болып   өтті. Аудан көлемінде әр өңірлерде өткізіліп, 12 команда іріктеліп алынды. Жарыстың   басты   мақсаты – жастар  арасында  спорттық бағдарлауды,  спорттық  туризм  тәсілдерін   насихаттау, жаяу  жүру  арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал ету, жас  туристердің  ептіліктері  мен  дағдыларын  шыңдау, «Ең  үздік туристік топты»  анықтау  және  іс- тәжірибе  алмасу  болатын. «Көктем   найзағайы»  жарысын «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов  пен қала әкімінің орынбасары Б.Базарбаев  ашып  беріп, жас  туристерге   сәттілік   тіледі.

Подробнее...
 
«Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты бокстан облыстық жарыс өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:17

Жуырда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мақтарал  ауданында  20 – 24 сәуір аралығында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты Асықата кентіндегі №121 жалпы орта мектебінде спорттың бокс түрінен облыстық турнир болып өтті. Бұл шараның өтуіне аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы да ұйытқы болды.
Жарысқа Мақтарал ауданы, Тараз қаласы, Төлеби ауданы, Арыс қаласы, Шымкент қаласының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2002 – 2003 жылдары  туылған  32кг, 34кг, 38кг, 40кг, 44кг, 46кг, 50кг, 54кг, 57кг, 60кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 
Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында

Подробнее...
 
Дала жаттығуы өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:14

Жыл сайынғы дәстүр бойынша  сәуір айының  14 – 25 жұлдызы аралығында Мақтарал ауданы  мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында далалық әскери оқу – жаттығу жиындары болып өтті. Онда оқушылар әскери өмірдің қызығы мен қиыншылықтарын көріп, ысылып, шыңдалады. Осылайша өздерінің азамат болғанын сезінеді. Іс – шара үш кезең бойынша өтті.    
Осы жиынға Мақтаарал аудандық Жастар орталығының арнайы өкілдері барып, әскери оқу-жаттығуын өтеп жатқан жастармен кездесті. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Жас әскер» атты әскери эстафета ұйымдастырды. Сарыағаш ауданының әскери жаттығу алаңында өткен бұл шараға дала жиынында 1850–ге жуық жастар тартылды. 5 күн бойы өткен жарыста қатысушылар қашықтыққа жүгіру, пневматикалық  мылтықтан нысананы көздеп ату,  жаралы болған адамды қауіпсіз жерге жеткізу, азимутты анықтау, қол гранатын дәлдікке лақтыру, турникке тартылу бойынша сайысқа түсті.

Подробнее...
 
Аудан әкімінің жүлдесі үшін шахматтан жарыс өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:01

Шахмат  ойыны – адамның  ой-өрісін  кеңейтетін, күшті емес, ойды  қажет  ететін, елімізде  дамып  келе  жатқан  спорттың  түрі.                        Жастар  арасында  спорттың  шахмат  түрін  кеңінен  насихаттау, жас  ойыншылардың  кәсіби  шеберлігін  арттыру, логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту  мақсатында  аудандық  «Жастар орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен  Мақтарал  ауданы  әкімінің   жүлдесі  үшін  шахмат  ойынынан  жарыс  өтті.                                                  «Жастар – Қазақстанның  интеллектуалды  болашағы»  тақырыбында  өткен  жарыс  қыздар  және  ұлдар  арасында  өткізіліп, екі  күнге  созылды. №119 жалпы  орта  мектептің  базасында  өткен  жарысты  «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов   ашып, қатысушыларға  сәттілік  тіледі.

Подробнее...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 8 из 35

Блок акима

Погода

Баннер

Опросы

Оцените наш новый сайт!
 

Кто на сайте

Сейчас 18 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!