«Спорт – жігер, cпорт - бірлік» атты турнир өтті PDF Печать E-mail
15.12.2015 12:45

Қазақ Хандығының 550 жылдығы мен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданында ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Спорт – жігер, Спорт - бірлік» атты ұранымен еркін күрестен жасөспірім арасында аудан біріншілігі өтті. Жетісай қаласындағы спорт кешенінде болып өткен іс-шараға аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы да қолдау көрсетті.
Жарысқа Мақтаарал ауданының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2003–2005 жылдары  туылған  29кг, 32кг, 35кг, 38кг, 42кг салмақта, 2001-2002 жылдары  туылған 38кг, 42кг, 46кг, 50кг, 54кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 
Іс-шараның басты мақсаты – ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен қолдап, насихаттау, еркін күресті өскелең ұрпаққа дәріптеу, жас спортшылардың шеберлігін көтермелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында достықты нығайту, егеменді еліміздің мықты палуандарын дайындауға бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел болмақ.
Жарыстың салтанатты ашылуына «Жастар орталығы» КММ–нің директоры М.Бейсенбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ал, сайыстың әділ өтуіне барынша күш жұмсаған Мақтарал ауданының балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттықтырушылары Е.Мамасерипов, Б.Бакибаев, М.Дутов, Е.Аккуловтер төрешілік етті.  Турнирге ауданымыздың өңірлерінен  160 жас спортшы  қатысты.
Төрешілердің шешімімен I-орынға 10, II-орынға 10, III-орынға 10 жас спортшы қол жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен, төсбелгілермен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Гүлнұр Сұлтанова 
Мақтарал аудандық  «Жастар орталығы» КММ-нің қызметкері

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!