Отанға қызмет ету - парыз PDF Печать E-mail
11.12.2015 00:03

9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасы мен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының  үлкен мәжіліс залында  «Отанға қызмет ету - парыз» тақырыбында форум  өткізілді.  Осы халықаралық күнді атап өтудің мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жүргізу тақырыбына арналды. Форумға Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының  консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі, тыл ардагері Т.Досаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов, қала, кент ауылдық округіндегі жас мемлекеттік қызметкерлер, бөлімдер, құқық қорғау қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орнының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов жүргізіп отырды. Іс – шараның пленарлық бөлімінде Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет  істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі тыл ардагері Т.Досаев, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гумманитарлық – техникалық колледжінің 2 курс студенті А.Маханбет, Бірлік аулдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Қозыбеков, Б.Момышұлы атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Ш.Нұрбеков баяндамалар жасады. Іс–шара барысында форумға қатысқан жастарға жазба қолдәптерлері таратылып берілді. Ауданымыздағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы бейнеролик көрсетілді. Тақырыпқа байланысты жазбаша  түскен бірнеше сұрақтарға жауап берілді. Іс–шара қорытындысы  форум қатысушыларының суретке түсуімен аяқталды.

Г.Сұлтанова 
«Жастар орталығы» КММ – нің әдіскері

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!