Жаңашыл жастар PDF Печать E-mail
30.11.2015 00:38

Ауданымызда алғаш рет ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен студент жастар арасында «Жаңашыл  жастар» атты жас инноваторлар байқауы болып өтті. Байқауды өткізудегі мақсат - Мақтарал ауданының студент жастары арасында ғылыми-зерттеу және оқу- танымдық жұмыстарын ынталандыру, жастардың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру, талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталды. Аталған шара «Сырдария» университетінің биология корпусында ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарынан жалпы 26 құнды ғылыми және экономикалық идеясы бар жұмыстар ұсынылды. Жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылар олардың ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтыды.
Тұңғыш бастамаға түрлі бағыттар бойынша ұсынылған жұмыстарды төрешілер қарап, олардың шешімі бойынша бірнеше жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені жазылған дыбысты компьютерлік бағдарама арқылы текстік файлға айналдыратын жобасын ұсынған «Сырдария» университетінің студенті Р.Набиев иемденді. Мәселен, бұл жоба толық аяқталған жағдайда студенттер лекцияны диктафонға жазып, кейіннен қажет болған жағдайда аталған бағдарлама арқылы текстік файлға өткізіп алуға мүмкіндік алады. Ал, І-орынды Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Г.Сүттібай өзінің қазақ халқының ұлттық өнерін пайдалана отырып, қазіргі заманға сай белбеулер мен қыз балаларға арналған қол сөмкелерін жасау технологияларын ұсынғаны үшін жеңіп алды. ІІ-орынды Б.Асықбаев, ІІІ-орынды Д.Ануарова мен С.Сералиева иеленді. Сондай-ақ, белсенді қатсықан азаматтарға, жас дарындардың жетекшілеріне арнайы дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылса, жеңімпаздарға бағалы заттай сыйлықтар тапсырылды.
Байқауды ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков қорытындылап, жастарды марапаттады.

Г.Сұлтанова
Мақтарал ауданының Жастар орталығы

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!