Жастарға арналған семинар-тренинг PDF Печать E-mail
30.11.2015 00:00

Жуырда Мақтарал ауданы жастары арасында «Жастар орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының   ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастарды пікірталас сайысына дайындауға бағытталған семинар–тренинг болып өтті.
Ауданымызда   мемлекеттік   жастар   саясатын    жүзеге   асыру аясында жастардың тіл байлығын және пікірталас сайыстарын дамыту, жастардың бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді   қалыптастыру, өз ойын еркін әрі әсерлі жеткізе білетін азаматтар даярлау, ұйымдастыру қабілетін дамыту мақсатында өткізілген семинар-тренингке Жетісай медициналық колледжінің пікір-талас сайыстарына белсенді қатысушы жастары, Жетісай қаласында орналасқан мектептердегі оқушылар қатысты. Іс-шараға төрағалық еткен Жетісай медициналық колледжінің жастар ісі комитеті төрағасы Мейіржан Қалдыбаев өткелі жатқан семинар-тренингтің мән-мазмұнына, пікір-талас сайыстарының өту тәртібі, шарттары, талаптарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Колледждің студенттерінен құралған топ пікір-талас сайысты өз орындауларында үлгі ретінде ұсынып, жастарға пікір-талас сайыс мәнерін көрсетті. Осыдан соң мектептің жоғары сынып оқушылары «Қазақстан Республикасында «ЭКСПО – 2017»  халықаралық көрмесі аяқталды», «Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын ұсынды», «Сапалы білім - бақыт кілті деп есептейді» деген секілді бірнеше тақырыптар бойынша пікір-талас таластырып, өз өнерлерін шыңдады.  
«Жастар орталығы»  КММ–нің директоры М.Бейсенбаев семинар-тренингке белсене атсалысқан жастарға алғыс айтып, болашақ өмірлеріне сәттілік тіледі.

Гулнур Султанова
Мақтарал ауданы   «Жастар  орталығы» КММ қызметкері

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!