Мақтарал ауданында «Алтын күз» және «Қала күні» мерекесі аталып өтті PDF Печать E-mail
18.11.2015 00:00

14.11.2015 жылы орталық «Жеңіс» алаңында «Алтын күз»  және қала күні мерекесі аталып өтті.
Биылғы атаулы мерекелер: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны белгілі күйші-сазгер Б.Исаның жетекшілігімен 550 адамнан құралған оркестр Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», Д.Нұрпейісованың «Жеңіс» күйімен бастады.
Жүрегімізде тұмардай қастерлі орын алған-Мақтаралдай мекеніміздің төрінде болған «Алтын күз» және қала күні мерекесінде аудандық «Мәңгілік ел-мерейім» атты өңірлік өнер фестивалінде үздік өнерімен ерекшеленген 4 өңірдің өнерпаздары өнер көрсетті.
Алғашқы сөзді сөйлеген аудан әкімі Ж.Бейсенбаев  аудан халқын аталмыш мерекемен құттықтап, биылғы жетістіктер мен кемшіліктер туралы мағлұмат беріп өткен соң, өңірлік өнер фестивалі өнерпаздарын арнайы номинациямен және жүлделі орындармен марапаттады. Сондай-ақ, озат аудан еңбеккерлеріне алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар табыс етілді.
«Мәңгілік ел-мерейім» өңірлік өнер фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін Атакенттік әнші С.Баитова «Ең үздік әнші» номинациясымен, Қарақайлық «Шабыт» оркестрі «Ең үздік оркестр» номинациясымен, асықаталық Г.Нәлібаева «Ең үздік дәстүрлі әнші» номинациясымен, мырзакенттік Г.Іңкәр «Ең үздік биші» номинациясымен марапатталса, жүлделі І-орынды Асықата өңірі, ІІ-орынды Жетісай өңірі иеленіп ІІІ-орынды Мырзакент пен Атакент өңірлері өзара бөлісті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы О.Дәндібаев, аудан ардагерлері атынан Т. Жүнісов, Б.Серіков, С.Жолдыбаевтар, қала әкімі Б.Базарбаевтар ауданның озат  еңбеккерлерін марапаттады.
Концерттік бағдарламада асықаталық әнші Г.Нәлібаева «Арнау», жетісайлық квартет Ж.Артықбаеваның «Алтын бесік» әнін, әжелер ансамблі Б.Бәбіжанның «Ал, құрбым» әнін, кәріс этно-мәдени орталығының бишілері кәріс биін, күйшілер триосы күй-тартыс, мырзакенттік дуэт «Свети земля моя» әнін, «Мақтаарал» мәдениет үйінің триосы Ө.Сұлтанмұратовтың «Жетісай вальсі» әнін, Асықата саз мектебі фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен З.Мүслімова А.Балғынбаевтың «Арулар» әнін, жетісайлық секстет Қазақстан туралы әндер топтамасын орындаса, «Аққу» халықтық ән-би ансамблі мен «Салтанат» халықтық би ансамбльдері мың бұралған билерін мерекелі қауымға ұсынды.    

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!