Жетісай қаласы әкімінің кубогы Печать
10.11.2015 00:00

Жуырда Жетісай қаласы әкімінің кубогы үшін аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Жетісай қаласы күні мерекесіне орай  «Туылған күніңмен Жетісай!»  атты    қала   әкімінің   кубогы   үшін     жайдарман   ойыны   болып   өтті.         Жастардың   бойындағы   мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті дамыту, өнерге білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау, жастардың танымдық қызығушылығын шығармашылық қабілетін сахна мәдениетін өзін–өзі тану қабілетін қалыптастыру, жастар арасында қазақ тілінің дамуына және жандануына үлес қосу, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында  қаламыздағы   мәдениет үйінде  өткен   ойынға   қала   мектептері   мен   арнаулы   орта   оқу   орындарынан   11 команда   қатысып  өнер   көрсетті. Бүгінгі   таңда   еліміздің   жастары   үшін   маңызға   ие  болған   жайдарман   ойынын   тамашалауға   көрермендер    көп   жиналды. Намысты   қолдан   бермеуге   тырысқан    әр   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр сөзбен  сайысты   қызықты   өткізе   білді. Әділ қазылар алқасының құрамында аудандық «Жастар орталығы» КММ – нің   директоры   М.Бейсенбаев, Мақтарал ауданы КВН филиалының директоры С.Кенжебаев, білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбекова, Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас  маманы Ә.Спанов, мәдениет үйінің қызметкері  А.Орынбасаров енген   төрешілер   ойынды   әділ   бағалады.     Әділқазылардың    шешімі   бойынша  ІІІ – орынды еркін құрама «Айхай - шу»  және  Жеңіс мектеп - гимназиясының «Жеңіс қырандары» командасы өзара бөлісті. ІІ – орын   М.Горький   мектеп-гимназиясының   «Нағыз джентельмен»   командасына   бұйырды. Ал І – орынды  Мақтарал агробизнес колледжінің  «Атакентә құрамасы иемденді. Әкімнің кубогын – бас жүлдені «Жанықұл» медициналық колледжінің «Абзал жандар» командасы  жеңіп   алды. Жеңімпаз   командаларға   арнайы   дайындалған   дипломдар мен кубоктар  табысталды. Өзінің   даралығымен, актерлік   шеберлігімен   көзге   түскен   «Онлайн» командасының ойыншысы Есен Бердібек «Үздік ойыншы»   аталымымен марапатталды.

Г.Сұлтанова
Мақтарал ауданының Жастар орталығы