«Мен және менің полициям!» атты апталық акциясы PDF Печать E-mail
10.11.2015 00:00

Ағымдағы жылдың қазан – қараша айларында Асықата кентінде  «Мен және менің полициям !» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс–шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық прокуратура, «Жас Отан» Жастар қанаты, білім бөлімінің әдіскерлері, Асықата кентіндегі Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткізілді. Мектеп оқушыларына Титов, Гагарин, Қастеев мектептерінде   акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге дүкендерде темекі мен алкоголь өнімдерін сатпауын ескерту, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00 – ден 6.00 – ге дейін ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бермеуін ескерту, көлік жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзбауға шақыру, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына үндеу, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке, мәдениеттілікке шақыру,  тазалық сақтап, құрмет көрсетуі керек екендігін түсіндіру, қоғамды тәртіпсіздікке қарсы тұруға шақыру. Жалпы іс-шара барысында жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастардан арнайы топтар құрылып, Асықата кентіндегі кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына жасөспірімдерге темекі және алкагольдік ішімдіктерді сатпауға, жасөспірімдерді сағат 10.00 -ден кейін үйлеріне қайтаруға шақырды. Жалпы шараға 100-ден астам жастар қатысты.

Г.Сұлтанова
Мақтарал ауданының Жастар орталығы

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!