«STOP –Қылмыс» партиялық жобасы аясында өткен шара PDF Печать E-mail
02.11.2015 13:07
Өздеріңізге белгілі биыл «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2015 жылғы 30 маусымдағы №15 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің бастауыш партия ұйымы туралы Ережесі шықты.
Ережеде көрсетілгендей БПҰ мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету.
Біздің бастауыш партия ұйымы мүшелері «Нұр Отан» партиясының жүргізіп отырған салиқалы саясатын жүзеге асыруға барынша атсалысуда.
«STOP –Қылмыс» партиялық жобасы аясында ауыл жастарының арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылқұм елді мекенінде партия мүшелері мен ауыл билерінен ерікті «САРБАЗ» отрядтары құрылған. Басты мақсат жастардың, жоғары сынып оқушыларының түн уақтысында себепсіз жүрмеуін, нашақорлыққа бой алдырмауын, ішімдікке әуес болмауын қадағалау, оларға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Осыған байланысты жастар арасында «Денсаулығың өз қолыңда» жасөспірімдер арасында сурет салудан, би жарыстан іс-шаралар өткізіліп
тұрады. Бастауыш партия ұйымы әр уақытта жаңа жұмыстар мен ізденістер ұйытқысы бола береді деген сенімдемін.
Н.Қойлыбеков
«Нұр Отан» партиясы Қызылқұм бастауыш партия ұйымы төрағасы.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!