Спорт бізді біріктіреді ! PDF Печать E-mail
30.10.2015 00:00

2015 жылдың 29 – қазан күні Атакент кентіндегі № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар мен ардагерлер арасындағы «Спорт бізді біріктіреді» атты аудандық воллейбол турнирі болып өтті. Ардагерлер мен жастар арасында дене шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагер ойыншылардың жас ойыншыларға волейбол ойынының қыр – сырын үйрету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткізілген жарысқа Мақтарал ауданы әкімдігіне қарасты қала, кент, ауыл округтерінен 15 команда қатысты. Іс – шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Бейсенбаев ашып, командаларға сәттілік тіледі. Турнир ұжымдық түрде 4 + 2 жүйесімен өткізіліп, команда құрамы төрт жас және екі ардагер ойыншымен жасақталды. Ойын жалпы стандартты ережесіне сай олимпиадалық тәсілмен өткізілді. Алғашқы ойын жұптары жеребе тәсілімен анықталып, әр матч үш кезеңнен өтіп, әр матчке ұйымдастырушылар тарапынан бір төреші тағайындалды.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруда атсалысқан командалар жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Төрешілер мен ұйымдастыру алқасының шешімі бойынша І – орынды Мырзакент кентінің ардагерлері және жастарынан құралған команда жеңіп алса, ІІ – орын Қарақай ардагерлері және жастарынан құралған командасының еншісіне тиді. Ал ІІІ – орын иегері Жылысу ауылдық округінің ардагерлері және жастарынан құралған командасы иеленді. Ал «Үздік арагер ойыншысы» номинациясы бойынша Б.Ботабаев, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша А.Тұрлыбек, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша А.Оголенко, «Үздік доп ұзатушы» номинациясы бойынша М.Айдар атанды. Жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысқан спортшылар түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы заттай сыйлықтар табысталды.

Г.Сұлтанова
«Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!