Аудан жастары арасында сурет салу байқауы болып өтті Печать
11.09.2015 00:00

Жуырда  30 – тамыз  Қазақстан  Республикасы   Конституциясы  күніне орай  Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімі  «Жастар   орталығы»   коммуналдық    мемлекеттік   мекемесі, аудандық білім бөлімі және   «Жас  Отан»   жастар   қанатының    ұйымдастыруымен      «Менің Қазақстаным! Менің Астанам!»   тақырыбында   асфальтқа  сурет    салу   байқауы   болып   өтті.     
   Ауданымызда   мемлекеттік   жастар    саясатын    жүзеге   асыруға, жас   ұрпақты    тарихи – мәдени   және   рухани    құндылықтарды    бағалауға, жастар    арасында    дарынды    суретшілерді    анықтауға, жас    суретшілердің    кәсіби    шеберлігін    арттыруға, жас    ұрпақтың    ой - өрісін    кеңейтуге     бағытталған    іс – шара  Жетісай қаласы Жеңіс алаңында   өтті. Іс – шараға қала, кенттер мен  ауылдық   округ  мектептеріндегі  оқушылар  қатысты. 
Конституция    күніне     арналған     бұл    іс – шараны    аудандық    ішкі   саясат   бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы  ОмарЕсенбеков және білім бөлімінің  әдіскері Шыңғысхан Тілеуқабылов жарысты ашып   беріп, көпшілікті 30 – тамыз  Қазақстан Республикасы Конституция    күнімен    құттықтап, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.  
   Үш    сағатқа    созылған    байқауды    ұйымдастырушылар    бекіткен   әділ   қазылар    бағалап, қорытындылады. Нәтижесінде   І – орынды   «Ә.Молдағұлова»   жалпы    орта    мектебінің    оқушысы    Ердәулет Гүлназ иеленсе, ІІ – орын   «Сарыарқа»   мектебінің    оқушысы   Керімқұл Ардаққа     бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ – орынды   «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебінен  Игілік Бегзат   иеленді. «Жас суретші» номинациясы  «Қайнар» мектеп – гимназиясының оқушысы   Рустем Меруертке берілді.  Жеңімпаздар  дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды

Жастар орталығының қызметкері   

Гүлнұр Сұлтанова