Қаламызда «Асар!» атты акциясы болып өтті. PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

«Қартқа  құрмет  -  балаға  міндет»  деп   текке   айтылмаса   керек. Қартың   болса, жазып қойған  хатпен  тең   дегендей, өмірлері   өнегеге, көкіректері   шежіреге   толы    қарттарымыз    қашанда    тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің   қамқоршысы. Жалпы    қазақ    табиғатынан    үлкенді   қадір   тұтып, құрметтеген  халық. Сондықтан да   қоғамымызда   қарияларға   деген    қамқорлық   қашанда   ерекше    болған. Аталмыш іс – шара арқылы жастардың бойында отансүйгіштікті дәріптеу, адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді рухани құндылықтарды қалыптастыру, Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, өзгенің көмегіне мұқтаж жандарға көмек көрсету, жастарға патриоттық тәрбие беру мен  ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды еңбек етуге және еңбекті ұйымдастыруға шақыру, ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру     мақсатында  Мақтарал    аудандық   ішкі саясат  бөлімі  «Жастар    орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    мен    «Жас   Отан»   жастар    қанатының     бастамасымен     «Асар»   акциясы    болып    өтті. Көмекке    мұқтаж  жалғызбасты    аналарымызға    көмек    көрсету    акциясына    жоғары    және   арнаулы    орта   оқу   орындарының   белсенді   студенттері мен  жастар комитеті төрағалары, әлеуметтік қызметкерлер, «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, аудандық «Қоғамдық келісім» КММ – сы, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері    қатысты. Ұлдар  жағы қолдарына күректерін алып, бау – бақшасын абаттандырып, қыздар жағы үй жұмыстарын істеп, ауласын тазалады.    Көмек   көрсетілген    қарттарымыз    жастарға   өз   ризашылықтарын   білдірді. Қолымыздан   келсе   әрқайсымыз   осындай    қарттарды    сыйлап, көңілін    аулап    жатсақ, батасын    алып, келешек    ұрпаққа    осыны    үлгі - өнеге   етіп    қалдырамыз. Ендеше  қарттарымыз   қашанда   аман – сау   жүрсін   деп   тілейік. Аталған акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Гүлнұр Сұлтанова

Мақтарал ауданы
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!