Салауатты өмір салтын насихаттаған шара PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

«Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтпаған. Денсаулық  - табиғаттың адамға сыйлаған теңгесіз сыйлығы. Әйтпесе де, денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне,  өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.                      «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген Елбасымыздың өзі жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында еліміздегі денсаулық сақтау саласында ерекше назар аударып, қолдау көрсетіп келеді.    

   Халықаралық денсаулық күніне орай Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімі  «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  денсаулық фестивали өтті. Салауатты  өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға ауданның дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен  мектептер, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының  шәкірттері мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 4 мыңға тарта адам қатысты.                             Жетісай қаласының кіре берісі қақпасына бастау алған мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымының үлкен тобы қолдарындағы арнайы дайындалған ұнпарақтары арқылы қала тұрғындарын, жастарды  салауатты  өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортты дамытуға шақырды. Орталық Жеңіс алаңына жиналып бұқаралық жаттығулар жасады. Қол күрес, кір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен сайысқа түсіп, флеш – моб биледі.       Спорт денсаулық кепілі. Дені сау халық  - еліміздің байлығы.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!