«Сырдария» КВН құрамасы ерледі PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

  Облысымыздың табиғаты тамаша, курортты жері  - Төле би ауданының «Тау самалы» лагерінде өткен іріктеу ойындарына республикамыздың түкпір – түкпірінен 15 команда қатысып, өлкенің табиғатымен танысты. Мұндай жастар бас қосқанда жайдарман ойындары Солтүстік өңірінің Жасыбай жерінде де бірнеше рет өткізілген болатын.   Мінеки, бұл шара да сонын жалғасына іспеттес болды. Аталған демалыс аймағында іріктеу сайысынан кейін суырылып шыққан жастар топтары Шымкент қаласындағы «Достық» мәдениет  үйінде облыс әкімінің кубогына таласты. Жас әзіл сықақшылар барын салып, сайыс көрермендеріне жоғары көңіл күй сыйлады. Жайдарман ойындарының қортындысы бойынша әділ қазылар  бас жүлде кубогын мақталы ауданының «Сырдария» командасына лайықты деп шешті. Бұл команда «Жайдарман» сайыстарының республикалық телевизиялық ойындарында  бірнеше рет өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айнала білген. Оның құрамында Мақтарал  ауданындағы бірден – бір жоғары оқу орны  «Сырдария»  университетінің студенттері  - Н.Үсенов, Н.Әбжанов, Т.Тюльбашов және жастар ісі комитетінің төрағасы, осы топтың капитаны М.Сарсенов секілді өнерлі жігіттері бар. Жеңімпаздар кубог пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Сайысты республикалық «Жайдарман» ойындарының авторы әрі жүргізушісі Есен Елеукен мырзаның өзі жүргізді. Мақтаралдық жастарға құтты болсын айта отырып алдағы уақытта да сәттілік серік болсын деп білеміз!                                   
                                                                                                Гүлнұр  Сұлтанова                                                                                                                                             «Жастар  орталығы»

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!