Ойыншылар балалармен кездестi PDF Печать E-mail
13.08.2015 00:00

Жақында «Мақтаарал» футбол клубының ойыншылары жуырда ғана өз өлкемiзден орын тепкен «Толағай» мен «Еркежан» жазғы сауықтыру лагерiне барып, балалармен кездестi. Бұл iс-шараның мақсаты- жеткiншектердiң спортқа деген ынта-ықыласын оятып, бүгiнде ауданның абыройын арқалап жүрген аяқдоп шеберлерiмен таныстыру, оларға елiктеген әуесқойларға футболдың қыр-сырын үйретiп, футболға баулу.
Бүгiнде лагерь ұжымы алтыншы аусымды қабылдап үлгерiптi. «Толағайда» (директоры- ªалымжан Боранбаев) әр аусымда 250 баладан қабылдаса, «Еркежанда» (директоры- Бауыржан Кеттебеков) 100 баладан. Алдымен лагерлердiң тыныс-тiршiлiгiмен танысқан қонақтар жасөспiрiмдердi салауатты өмiр сүру салтын ұстануға шақырды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Жандарбек Татеев, «Мақтаарал» ФК-ның директорының орынбасары әбдiғаппар Усманов, команданың бас жаттықтырушысы Шайзидин Кенжебаев, жаттықтырушы Тимур Иксановтар бастаған команданың жетекшi ойыншылары болашақ жастарды спортқа тартып, ақыл-кеңестерiн айтты. Сондай-ақ, естелiкке аталмыш клубтың символы бейнеленген спорттық бас киiм мен аяқ доптар тарту еттi. Ал, кәсiпқой ойыншылармен бiргелiкте футбол ойнаған балалардың қуанышында шек болмады. Тiптi, «Толағай» командасы 4:1 есебiмен ағаларын есеңгiреткенде естен кетпес естелiктерге бөлендi. Айта кету керек жақында ғана «Мақтаарал» командасының құрамына жаңадан қосылған африкалық Гизумен естелiкке суретке түсiп, қолтаңба алушылар тым көп болды.

Мiне, осылайша Орал қаласына «Ақжайық» командасымен кездесу сапары алдында балаларға шаттық көңiл-күй сыйлаған «Мақтаарал» футбол клубының ойыншыларына сәт-сапар тiлеп, тек қана жеңiспен оралуына тiлектеспiз.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!