Қазақстан-байтақ елiм PDF Печать E-mail
13.08.2015 00:00

Иiржар ауыл округi ауданымыздың ең шалғай жатқан өңiрлерiнiң бiрi. Бұл округте бiрыңғай өзбек ұлты қоныстанған «Дихан» ауылы бар. Жақында «Дихан» ауылдық клубынының директоры Алима Сайфатованың ұйымдастыруымен қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесiне орай «қазақстан-байтақ елiм!» атты аудандық көшпелi семинар-кеңестiң жалғасы болып өттi. Оған ауылдық округтiң мәдениет клубының директорлары, аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерi, ауыл тұрғындары, т.б. қатысып, қонақ болды.  Қос қабатты ескi ғимараттың жоғары қабатын жөнге келтiрiп, мәдениет клубын ашқан Сайфатова жақында ғана аудандық мәдениет қызметкерлерiнен алынған қазақ тiлi бойынша тесттен топ жарып 119 балл жинап, ең жоғары көрсеткiшке қол жеткiзiптi. Бұған тiптi, әрiптестерi арасында сенер-сенбестерiн бiлмей, абдырап қалғандары да байқалды. қуанышты хабарды жиын үстiнде естiген әлима апай «қазақ жерiнде тұрып, қазақ тiлiн сыйламау кiмге болса да үлкен сын.  Осы елдiң топырағынан жаралып, ауасын жұтқан соң қазақ тiлi бәрiмiзге де ортақ» дедi.
Семинарға жиналған қауым алдымен өзбек ұлтының ұлттық нақыштағы үй жи¿аздары, ыдыс-аяқтары, қолдан тоқылған бұйымдары, тағамдары қойылған көрменi тамашалады.
Жиынды ашқан Жамбыл ауылäûқ округiнiң Кеңесшiл ауылдық мәдениет үйiнiң директоры Т. қасымбеков, Иiржар ауыл округiнiң әкiмi И. Тұршаев және ауыл мектебiнiң директоры М. Бабамұратовалар көпшiлiктi биылғы жылдың айтулы мерекелерiмен құттықтап, жүрекжарды тiлектерiн бiлдiрдi. Бұдан соң аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйiнiң әдiскерi А. Агибаева «Ассамблея-татулық темiрқазығы» атты баяндамасын жасады.

Жиын концерттiк бағдарламаға ұласып, мектеп оқушыларының және әншi Рустам Шамрадовтың орындауларында өзбек ұлтының әндерi шырқалып, биi билендi. Ауыл тұрғындарынан құралған әуесқой өнерпаздар жаңа түскен келiннiң бетiн ашу салт-дәстүрiнен көрiнiс қойды. Концерт соңында «қазақ елiм!» атты патриоттық ән әуеледi
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!