«Жайдары жаз» туристік сайыс өтті PDF Печать E-mail
19.06.2015 00:00

Жуырда   Атакент  өңірінде орналасқан  «Толағай» лагерінде демалып  жатқан Мақтарал ауданынының мектеп оқушыларының арасында туристік сайыстар өткізілді. Оған 8 команда қатысты.
Балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлауды, спорттық туризм тәсілдерін насихаттауға, жастардың бойында туристтік ептіліктер мен дағдыларды шыңдауға, қала мектептері арасында ең үздік туристтік топты анықтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған туристік көпсайысты аудандық «Жастар орталығы» КММ-сі, «Жас Отан»  Жастар қанаты  және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы  ұйымдастырып өткізді.        
Командалар шатыр құру, түйін байлау, білікті турист, өткелден өту, маймылша жүру, дәрігер сұрақтары, топографииялық  белгілер  сайыстары бойынша тапсырмаларды орындады. Жарыс қорытындысына сәйкес ұйымдастырушылар бекіткен төрешілер жеңімпаздарды анықтады. Жарыстың әр бөлімі бойынша жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы дайындалған дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтар тапсырылды. Ал, ең үздік туристік топ, яғни І-орынды «Толағай» командасы,  ІІ-орынды «Жалын», ІІІ-орынды «Ақжелкен» командалары иеленді.

Г.Сұлтанова                                                                                   

 «Жастар орталығы» КММ қызметкері
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!