Мақтаралда ҰБТ аяқталды. Печать
09.06.2015 00:00

Мақтарал ауданында Ұлттық біріңғай тест аяқталды. 8 маусым күні өткен ҰБТ-ның 4-ші легіне 28 мектептен 666 оқушы қатысты. Мұндағы орташа көрсеткіш 80,55-ті құрады. Жоғарғы балл 124. Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Жасұлан Азаматұлы жоғарғы көрсеткішке қол жеткізсе, «Дарын» мектебінің 6 оқушысы «Алтын белгі», келесі 6-уы үздік аттестатқа қажетті бал жинады. Жалпы қорытынды: «Алтын белгі» иегері 23, үздік аттестатқа  8 оқушы лайықты балл жинады.
Сондай-ақ, Титов атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Ахтай Гүлназ Лесбекқызы мен №121 жалпы орта мектебінің түлегі Шадиярхан Батыр Берікбайұлы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 мамырындағы №320 бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) жеңімпаздары мен қатысушыларының тізіміне енгізіліп ҰБТ-дан босатылды.
Қорыта келгенде ҰБТ -ға 2657 оқушы қатысты.
Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 77,18 балды құрады. 90 оқушы «Алтын белгі» («Дарын» мектебін қосса 96 оқушы), 28 оқушы үздік аттестаты («Дарын» мектебін қосса 34 оқушы) иеленетін болды.
467 оқушы (17,6 пайыз) конкурстық балға жете алмады.

 

Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі