Мақтарал ауданы бойынша 6-шы маусым күні өткен ҰБТ PDF Печать E-mail
09.06.2015 00:00

Мақтарал ауданы бойынша 6-шы маусым күні өткен ҰБТ-ның 3-ші легіне 32 мектептен 663 түлек қатысты. №121 жалпы орта мектептің оқушысы Шадиярхан Батыр Берікбайұлы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №320 бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) жеңімпаздары мен қатысушыларының тізіміне енгізіліп ҰБТ-дан босатылды.
Мұндағы орташа көрсеткіш 73,68 балды құрады. 3-ші лекте ең жоғары көрсеткіш 117 балл болды. Оны Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тас Жансая Сабырханқызы жинады.
№ 11-ші мектептен 20 оқушы барлық пәннен «5-тік» бағаға лайық балл жинаса, оның 7-еуі «Алтын белгіні» иеленді. Ал, қалған 3 оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді.

         1-3 лектердің қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші 76,06 балл құрады. 69 оқушы «Алтын белгі», 26 оқушы үздік аттестат алатын болды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!