1-ші маусым Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы Жеңіс алаңында «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай салтанатты шара өтті PDF Печать E-mail
02.06.2015 00:00

Мереке мектеп оқушыларының қатысуымен болған флешмоб пен басталды.
Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер асфальтке түрлі борлармен сурет салып, сайысты.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» - демекші, балаларды қуанышқа бөлеу мақсатында демеушілердің есебінен 140 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған кішкентайларға демеушілер есебінен балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар таратылып, аттракциондар тегін қызмет етті.
Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!