Атакент, Мырзакент өңірі бойынша оқу орындары мен мектеп аралық жайдарман финал ойыны өтті PDF Печать E-mail
26.05.2015 18:00

Атакент   кентінің  мәдениет  үйінде  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   Жайдарман   сайысы  болып  өтті.  Көңілді  тапқырлар    сайысын Атакент кентінің әкімі Қ.Алиев   ашып   берді. «Өткен күн тарих»  тақырыбында Атакент, Мырзакент кенті бойынша маусымда  45 команданың ішінен 5 команда іріктеліп алынды.  Сайыс сәлемдесу, бес жаналық, үй тапсырмасы тақырыбында болды.
Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді. Сайысты   бағалаушы   әділ  -қазылардың   қатарында   аудан әкімінің кеңесшісі баспасөз хатшысы А.Бахтиярова, білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева, Атакент кентінің әкімі Қ.Алиев,  Республикалық қоғамдық - саяси  газетінің бас редакторы Ж.Ғаппар, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтарал аудандық филиалының директоры С.Кенжебаевтар    болды. Сайыс   қорытындысы бойынша  І – орынды  «Әл-Фараби» жалпы орта мектебі «Оңлайн» командасы  иеленді,  ІІ – орынды  Мақтарал агробизнес колледжінің «Серілер» командасы  иеленді, ІІІ – орын  Қ.Сатпаев жалпы орта мектебі «Сатпаев серілері»  командасына       бұйырды. Жеңімпаз   командаларға   арнайы    дайындалған   дипломдар,    мен       сыйлықтар  табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!