Асықата кенті оқу орындары мен мектеп аралық жайдарман финал ойыны өтті PDF Печать E-mail
26.05.2015 18:00

 Асықата  кентінің  мәдениет  үйінде  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   Жайдарман   сайысы  болып  өтті.  Көңілді  тапқырлар    сайысын «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы М.Бейсенбаев  ашып беріп, жайдарманның  жас  таланттарына  сәттілік  тілеп, ұйымдастырушыларға   алғысын   жеткізді. Ұлы Жеңістің  70 жылдығына орай  «Өткен күн тарих»  тақырыбында Асықата кенті бойынша маусымда  45 команданың ішінен 5 команда іріктеліп алынды.         Сайыс сәлемдесу, бес жаналық, үй тапсырмасы тақырыбында болды.  Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді. Сайысты   бағалаушы   әділ  -қазылардың   қатарында   «Жастар   орталығының»   директоры  М.Нұрымбетов, «Жас  Отан»  жастар   қанатының  атқарушы  хатшысы   Мұхтар   Бейсенбаев, Шымкент КВН командасының ойыншысы Ғ.Сыдықов, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтарал аудандық филиалының директоры С.Кенжебаевтар    болды. Сайыс   қорытындысында   ұтымды   әзілдерімен, тапқырлықтарымен   көзге   түсіп, көрермен   ықыласына   бөленген  топ  «Жеңіс» мектеп  гимназиясының  «Жеңіс қырандары» І – орынды  иеленді,  ІІ – орынды  Чехов жалпы орта мектебінің  «Көңілді жігіттер» тобы  иеленді, ІІІ – орын  Асықата жалпы орта мектебінің «Ойпырмай» тобына  бұйырды. Жеңімпаз   командаларға   арнайы    дайындалған   дипломдар   мен    сыйлықтар  табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!