Мақтарал аудан әкімі түлектерді құттықтады PDF Печать E-mail
25.05.2015 18:00

           Бүгін Мақтарал ауданының барлық  мектептерінде  «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті. Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы мен Мырзакент кентіндегі Абылайхан атындағы жалпы орта мектептерінде өткен кезекті іс-шараларға аудан әкімі Серік Тұрбеков қатысты. Аудан басшысы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды атаулы оқиғамен құттықтап, түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас буынға ақ жол тіледі.
 Биыл ауданымызда 4476 түлек  11 сыныпты бітірді.Олардың 109 «Алтын белгіге» , 44 –і үздік аттестатқа үміткер.
Аудан бойынша 3917 бала қазақ , 252 –сі орыс, 221-і тәжік,  95-сі өзбек тілдерінде білім алған. Биылғы жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 2635 бала  қатыспақ.
Ал, 9 сынып бойынша жалпы саны 551 бала бітірсе, олардың 413-і үздік аттестатқа үміткерлер.
Б. Момышұлы мектеп-гимназиясын биыл 74 түлек бітірді. Олардың ішінде «Алтын белгіге» 43-і, үздік аттестатқа  28-үміткер. Аталмыш  мектеп-гимназиясы ҰБТ нәтижесі бойынша аудандық мектептер мен гимназиялар арасында  қатарынан 11 жыл, республика бойынша 6 жылдан бері көш бастап келеді. Аталмыш білім ордасы биыл 100 % ҰБТ-ға қатысады. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша биылғы орташа көрсеткіштері 115 бал .
Абылайхан атындағы жалпы орта мектептебінде жалпы саны 655 оқушы бар. Соның 45-і биылғы мектеп бітірушілер. Олардың 7-еуі «Алтын» белгіге, 2-еуі үздік аттестатқа үміткер.
Соңғы қоңырау сыңғыры концерттік бағдарламамен жалғасты.

 


Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!