«Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты бокстан облыстық жарыс өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:17

Жуырда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мақтарал  ауданында  20 – 24 сәуір аралығында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты Асықата кентіндегі №121 жалпы орта мектебінде спорттың бокс түрінен облыстық турнир болып өтті. Бұл шараның өтуіне аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы да ұйытқы болды.
Жарысқа Мақтарал ауданы, Тараз қаласы, Төлеби ауданы, Арыс қаласы, Шымкент қаласының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2002 – 2003 жылдары  туылған  32кг, 34кг, 38кг, 40кг, 44кг, 46кг, 50кг, 54кг, 57кг, 60кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 
Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында спорттың бокс түрін, жалпы салауатты өмір салтын және еліміздің бокс саңлақтарын кеңінен насихаттауға, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, спортпен шұғылдануына тартуға бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел болмақ.
Жарыстың салтанатты ашылуына аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы М.Бейсенбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ал, сайыстың әділ өтуіне барынша күш жұмсаған Мақтарал ауданының балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Н.Манқараев, Түркістан ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Қ.Алпамысов,  Мақтарал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттықтырушысы Ә.Слақұлов төрешілік етті. 
Төрешілердің табанды шешімімен жүлделі орындар саны өте көп болды, ширата айтсақ I-орынға 10, II-орынға 10 , III-орынға 11 жас спортшы қол жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен,төсбелгілермен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!