«Жеңіске тағзым» автошеруі PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:15

Жетісай  қаласындағы орталық алаңда Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық  Жастар орталығының  ұйымдастыруымен «Жеңіске тағзым» атты автошеру болып өтті.   Бұл  іс – шараға ауданымыздың еңбек ардагерлері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мекеме қызметкерлері, «Сырдария» университеті мен колледждердің студент жастары қатысты. Қаз-қатар тізілген автокөліктер ең алдымен «Қарақай» ауылдық округіндегі «Кетебай» ауылындағы жаңадан ашылған Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова  апамыздың ескерткішіне, содан кейін «Ынтымақ», Ш.Ділдабеков, А.Қалыбеков, Бірлік, Ж.Нұрлыбаев  ауылдық округтеріндегі, Асықата, Атакент, Мырзакент кенттеріндегі үлкен ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан боздақтардың рухы мен ерлігін еске алып, тағзым етті, құран бағыштады.   Осы қойылған еңселі ескерткіштеріміздің барлығында соғыстағы азаматтарымыздың еңбекпен жанқиярлық ерлігі арқылы Жеңіс мерекесі оңайлықпен келмегенін сездіргендей бедерлі бейнелермен айшықталған. Автошеруге қатысқан ауданымыздың ардагерлері осындай игі іс-шараны ұйымдастырып отырған басшыларға өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдірді. 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!