Дала жаттығуы өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:14

Жыл сайынғы дәстүр бойынша  сәуір айының  14 – 25 жұлдызы аралығында Мақтарал ауданы  мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында далалық әскери оқу – жаттығу жиындары болып өтті. Онда оқушылар әскери өмірдің қызығы мен қиыншылықтарын көріп, ысылып, шыңдалады. Осылайша өздерінің азамат болғанын сезінеді. Іс – шара үш кезең бойынша өтті.    
Осы жиынға Мақтаарал аудандық Жастар орталығының арнайы өкілдері барып, әскери оқу-жаттығуын өтеп жатқан жастармен кездесті. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Жас әскер» атты әскери эстафета ұйымдастырды. Сарыағаш ауданының әскери жаттығу алаңында өткен бұл шараға дала жиынында 1850–ге жуық жастар тартылды. 5 күн бойы өткен жарыста қатысушылар қашықтыққа жүгіру, пневматикалық  мылтықтан нысананы көздеп ату,  жаралы болған адамды қауіпсіз жерге жеткізу, азимутты анықтау, қол гранатын дәлдікке лақтыру, турникке тартылу бойынша сайысқа түсті. Сайыста нағыз мықтылар анықталып, олар өздерінің ғана емес, сонымен қатар өздері білім алатын ордаларының намысын қорғады.                                                                                                  Өткізілген осы жарыс жастардың әскери міндетін атқаруға деген жауапкершілігін, қызығушылығын арттырудағы әсері мол болды деп айтуға толық негіз бар.                                                                                                               Тартысты да қызықты өткен эстафета қорытындысы бойынша  I – орын Әсембай  Ернар, II – орын Мамбетов Нұрдаулет, III –орын Балхашов Ережепке бұйырды. Жеңімпаздарға аранайы кубоктар мен алғыс хаттар  тапсырылды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!