Аудан әкімінің жүлдесі үшін шахматтан жарыс өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:01

Шахмат  ойыны – адамның  ой-өрісін  кеңейтетін, күшті емес, ойды  қажет  ететін, елімізде  дамып  келе  жатқан  спорттың  түрі.                        Жастар  арасында  спорттың  шахмат  түрін  кеңінен  насихаттау, жас  ойыншылардың  кәсіби  шеберлігін  арттыру, логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту  мақсатында  аудандық  «Жастар орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен  Мақтарал  ауданы  әкімінің   жүлдесі  үшін  шахмат  ойынынан  жарыс  өтті.                                                  «Жастар – Қазақстанның  интеллектуалды  болашағы»  тақырыбында  өткен  жарыс  қыздар  және  ұлдар  арасында  өткізіліп, екі  күнге  созылды. №119 жалпы  орта  мектептің  базасында  өткен  жарысты  «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов   ашып, қатысушыларға  сәттілік  тіледі. Жарысты ұйымдастырушылар  бекіткен  әділ қазылар  бағалап  отырды. Жарысқа аудандағы  мектептерден  85–тен аса  жастар қатысты. Тартысты  өткен  жарыс  қорытындысында  қыздар  арасында  І–орынды  С.Датұлы  ЖОМ  оқушысы  Ұ.Жанзақова, ұлдардан  Қажымұқан ЖОМ   оқушысы  М.Абдуназаров  иеленді. ІІ – орынды  «Қажымұқан» ЖОМ  оқушысы   М.Қудайбердиева, ұлдардан  «№50 Жеңістің 50 жылдығы» ЖОМ оқушысы  Б.Еркиновқа    бұйырды. ІІІ – орынды    С.Сейфуллин  ЖОМ  оқушысы Н.Фазилова  мен  «Ж.Нұрлыбаев» атындағы ЖОМ оқушысы Б.Сайдуллалар алды.  Жарыс  жеңімпаздарына  арнайы   дипломдар  мен  бағалы  заттай  сыйлықтар  табысталды

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!