Депутат ардагерлермен кездесті PDF Печать E-mail
11.05.2015 18:00

Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Мақтарал ауданының құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбіш ауданымызға келіп, 5 аудан бойынша өз сайлаушыларымен кездесіп, соғыс және тыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.
Алғашқы кездесуін Ералиев ауылдық округіндегі мәдениет үйінен бастады. Жалпы саны 300 ге тарта ардагердің әрбіріне ақшалай сыйлық, үнді шәйі мен қыстық былғары етік тарту етті.
Осындай бас қосулар «Қызылқұм», «Атамекен», «Абай», «Мақталы» ауылдық округтерінде де өтті.
«Қызылқұм» ауылдық округіндегі кездесу «Ер есімі-ел есінде» атты жеңіс ескерткішінің ашылуымен ерекшеленді. Мереке қарсаңында тозығы жеткен ескерткіш 1975 жылы салынғаннан бері, алғаш рет күрделі жөндеуден өткізіліп отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының есебінен 1 млн. 100 мың теңге қаржы жұмсалған. Оның 500 мың теңгесін депутат Нұралы Әбішев өз есебінен қосқан болса, қалғанын 55 ауыл тұрғындары жинап, ескерткіштің жаңартылуына мұрындық болған.
Мақтарал ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!