Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюст ашылды. PDF Печать E-mail
05.05.2015 18:00

04 мамыр күні ОҚО Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі «Кетебай» ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі алдынан «Жеңістің 70 жылдығына» арналған ауқымды іс-шара болды. Іс шара аясында Кеңес Одағының батыры Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызының 90 жылдығына арнап ескерткіш-бюст пен мемориалдық тақта ашылды. Мемориалдық тақтаға осы ауылда туып өскен 45 соғыс  ардагерлерінің есімдері жазылған.

   Жиынға жиналғандардың қарыс көп болды. Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Шымкент, Ақтөбе секілді өзге де өңірлерден қонақтар келді. Аудан әкімі С. Тұрбеков, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Өмірзақ Озғанбаев, Ақтөбеден келген батыр қыз Әлияның сіңлісі Тәжен Нұрмұхамбетқызы лентаны қиып, ескерткіш жамылғысын ашты.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!