Қаламызда «Жас келсе іске !» атты акциясы болып өтті. PDF Печать E-mail

«Қартқа құрмет - балаға міндет» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең дегендей, өмірлері өнегеге, көкіректері шежіреге толы қарттарымыз қашанда тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы. Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Үлкенге құрмет көрсету, сыйлау сынды құндылықтарды жастардың бойына сіңіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жас келсе іске» акциясы болып өтті. Көмекке мұқтаж жалғызбасты аналарымызға көмек көрсету акциясына жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері мен жастар комитеті төрағалары, әлеуметтік қызметкерлер және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Ұлдар жағы қолдарына күректерін алып, бау – бақшасын абаттандырып, қыздар жағы үй жұмыстарын істеп, ауласын тазалады. Көмек көрсетілген қарттарымыз жастарға өз ризашылықтарын білдірді. Қолымыздан келсе әрқайсымыз осындай қарттарды сыйлап, көңілін аулап жатсақ, батасын алып, келешек ұрпаққа осыны үлгі - өнеге етіп қалдырамыз. Ендеше қарттарымыз қашанда аман – сау жүрсін деп тілейік. Аталған акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!