Аудан әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыны өтті PDF Печать E-mail

Жуырда Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков Жетісай атындағы драма театрында «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   «Жайдарман»   сайысы  болып  өтті. Аудан  әкімінің  жүлдесі  үшін  өткен   көңілді  тапқырлар   сайысы   аудандағы  ең  таңдаулы   құрама топтардың   басын   қосты. «Жүзден   жүйрік, мыңнан  тұлпар»  танылған  жиырма команданың ішінен  он команда іріктеліп алынды. Көңілді  тапқырлардың   кешін  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің   басшысы   Пердеш   Есенбеков ашып, қатысушыларға сәттілік  тіледі.
Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді. Сайысты   бағалаушы   әділ қазылардың   қатарында   аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, «Жас  Отан»  жастар   қанатының  атқарушы  хатшысы   Мұхтар   Бейсенбаев, «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мұрат Нұрымбетов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ренгүл Алтынбекова, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтаарал аудандық филиалы директоры Сүндет Кенжебаевтар болды. Сайыс   қорытындысында  бас жүлдені  Жетісай қаласы әкімінің құрамасы А.Байтұрсынов жалпы орта мектебінің «Қазақ жастары» командасы иеленді, I – орынды   Атакент кенті  әкімінің  құрамасы «Атакент жастары», ІІ – орынды   А.Қалыбеков ауылдық округінің құрамасы Үлгілі жалпы орта мектебі «Серілер» жайдарман тобы, ІІІ – орын  Жетісай қаласы  Ш.Уалиханов мектебінің «Шоханның шегелері» командаларына бұйырды.  Жеңімпаз   командаларға   арнайы    дайындалған   дипломдар   мен    қаржылай   сыйлықтар  табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!