«Жас Отанның» ІІІ-съезі PDF Печать E-mail

Жуырда Астана қаласында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III-сьезі өтті. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» атты Форумға Қазақстанның бүкіл өңірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардың жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардың іргелі ұйымдарының  көшбасшылары бар. Елбасы сөйлеген сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың өсе түсудің маңыздылығына назар аударды. Форумға қатысушылар Қазақстан жастарына арнаған Үндеу қабылдады.
Аталған сьезге Мақтарал ауданынан «Жастар орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мұрат Нұрымбетов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Бейсенбаев, «Кәсіпкерлерге  қызмет көрсету орталығы» Мақтарал ауданы  филиалының директоры  Нұрлыбек Бахтияров, Жетісай медициналық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Мейіржан Қалдыбаевтар қатысты.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!