«Жастар – заң бұзушылыққа қарсы !» атты апталық акциясы PDF Печать E-mail

Кәмелетке толмаған жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, алдын алу мақсатындағы көрнекі үгіт насихат құралдарын (билборд) шығарып, оны жастар көп жиналатын және орталық көшелерге орнату арқылы өтетін
«Жастар – заң бұзушылыққа қарсы !» атты апталық акциясы

Ақпан – наурыз  айлары аралығында Асықата кентінде  «Жастар – заң бұзушылыққа қарсы!» атты акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанаты, Асықата кентіндегі Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткізілді. Іс-шараға Асықата кентіндегі  ішкі істер басқармасының қызметкерлері, Асықата кентіндегі мектептердегі  «Жас полицейлер отряды», «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Мектеп оқушыларына Жеңіс мектеп гимназиясында  акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге дүкендерде темекі мен алкоголь өнімдерін сатпауын ескерту, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00 – ден 6.00 – ге дейін ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бермеуін ескерту, көлік жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзбауға шақыру, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына үндеу, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке, мәдениеттілікке шақыру, жастарды мемлектке ең болмаса, тазалық сақтап, құрмет көрсетуі керек екендігін түсіндіру, қоғамды тәртіпсіздікке қарсы тұруға шақыру. Жалпы іс-шара барысында жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастардан арнайы топтар құрылып,   Асықата кентіндегі сауда орындары мен көпшілік демалатын орындарға(кафе, бильярд, ойынхана, саябақ) арнайы дайындалған үнпарақшалар жапсырылды, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына жасөспірімдерге темекі және алкагольдік ішімдіктерді сатпауға, жасөспірімдерді сағат 10.00 -ден кейін үйлеріне қайтаруға шақырды. Жалпы шараға 100-ден астам жастар қатысты.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!