Ұлттық ойындарымыз ұлықталды PDF Печать E-mail
Жуырда  Мақтаарал  ауданы ішкі саясат бөлімі  және  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  ұйытқы  болуымен    «Ұлттық   спорт – салауатты   өмір  бастауы»  атты   ұлттық   ойындарымыз – аударыспақ  пен  қошқар   көтеруден  жарыс  өткізілді. Жастар   арасында   ұлттық   спорттың   беделін   арттыру, осы   ұлттық   ойындар   арқылы   жастарды   ұстамдылыққа, байсалдылыққа   тәрбиелеуге, салауатты   өмір  салтын   насихаттауға, ұлттық   ойындарымызды  қайта   жандандыруға   бағытталған   сайыс  «Жастар  саябағы»  аумағында  өтті. Жарысты   басқару   мен   өткізуді   ұйымдастырушылар  бекіткен   төрешілер   басқарды. Ептілікті, икемділік  пен  күштілікті   қажет   ететін   аударыспақ  ойынын  аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов ашып берді. Жарыста   жастарымыз    ерекше  белсенділік  танытты. Солардың   ішінде  50 – 60кг.  салмақта Зекен Нұрдаулет  І – орынды,  Қуаныш Серік  ІІ – орынды, Бақдаулет Зекен    ІІІ – орынды  иеленді. 60 – 70кг. салмақ бойынша Әбдіхалық.А. I – орынды, Әбдіхалық.Е. II – орынды, Әбдіназар.Б. III – орынды иеленді.  Жеңімпаздарға   арнайы   дипломдар  мен   бағалы   заттай   сыйлықтар   табыс   етілді. Ал, қошқар  көтеру  сайысында  қошқарды   иығына   салған   жігіттер   бір – бірінен   қалыспай, барын   салып   жарысты. Нәтижесінде   қошқарды   72 рет  көтерген   Ш.Айтуғанов   жеңімпаз   атанып, қошқарды   сыйға  алып   кетті. Қалған   қатысушылар  дипломдармен   марапатталды. Осылайша   аудан   жастары  арасында   ұлттық   спортымыз   ұлықталды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!