Жас аналардың арасында байқау өтті PDF Печать E-mail

Көңілдерге  шуақ  пен  нұр  құйып  көктем  мезгілі  де  келді. Осынау  көктемнің  шуақты  мерекелерінің  бірі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы.   Бұл  мерекенің  қай  кезде  де  орны  бөлек. Осындай  көркем  мерекенің  қарсаңында  аудандық  «Жастар  орталығы» КММ  мен  «Жас  Отан» Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен  жас  аналар  арасында  «Ана – отбасының  алтын  діңгегі»  атты  байқау  болып  өтті. Байқауды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков пен әжелер алқасының төрайымы А.Қоңырбаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.        Отбасының татулығы мен бірлігін сақтау, халқымыздың  мәдениеті мен тарихына  құрмет  көрсету, ұлттық  салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, имандылық, ізеттілік, іскерлік  сынды  халқымыздың  ізгі  қасиеттерін   жас  аналардың  арасында насихаттауға бағытталған  байқау  Жетісай қаласындағы   мәдениет үйінде өтіп, 24 әкімшілік-аумақтық бірліктен қатысқан үміткерлер ішінен жетеуі іріктеуден өтті. Байқау шарттарына сәйкес  қатысушылар   отбасымен  бірге  түскен  суреттерін  ұсынып, ән  және  өлең  арқылы  өздерін  таныстырды. Кейін  «Ата  дәстүр – асыл  қазынамыз» шарты  бойынша  сахналық  көрініс  қойып, «Отбасыма  жайған  дастарқан», «Зерделінің  ойы  озық» сынды шарттар бойынша сынға түсті. Байқау жеңімпаздарын  анықтауға  қатысқан  қазылар  алқасының  құрамында әжелер алқасының төрайымы А.Қоңырбаева, «Мақтаарал» аудандық газетінің тілшісі Э.Өсербекова, аудандық мәдениет  үйінің  қызметкері А.Саруаровалар   болды. Қазылар  алқасының  шешімі  бойынша  І-орынды  Ынтымақ ауылдық округінен  қатысушы  З.Жамашева  иеленді. ІІ-орын  Бірлік ауылдық округінен қатысушы Ұ.Кошимоваға бұйырса, ІІІ-орын Жетісай қаласынан        қатысқан Қ.Амановаға бұйырды. Байқау жеңімпаздарына арнайы   дипломдар  мен  бағалы   заттай   сыйлықтар  табыс  етілді. 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!