«Болашақ бүгіннен басталады!» атты сенбілік өтті PDF Печать E-mail

     Жуырда Мақтарал  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен   «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  Ұлыстың  ұлы  күні - Наурыз  мерекесіне   орай  «Болашақ бүгіннен басталады!»  атты   сенбілік  өткізді. Аудан орталығы Жетісай қаласындағы «Жастар  саябағы»  аумағында   ұйымдастырылған  сенбілікті қала  әкімінің   орынбасары   Б.Базарбаев   ашып, жастардың   жалпыға   ортақ   халықтық   істен   қалыс   қалмай, белсенділік танытып, атсалысуға шақырды. Әрбір  оқу  орындарынан   келген студенттер өздеріне тапсырылған   аймақтарды зор жауапкершілікпен сезіне отырып, тиянақты тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік  барысында  тазалық   жұмыстарына  қатысушы   жастардың   көңілдерін   көтеретін   әдемі   әуендер   ойнап   тұрды. Осындай   отансүйгіштік   іс-шараның   ұйымдастырылуы жастардың   табиғатты қорғауға деген   қамқорлығы, туған   қаласына   деген   сүйіспеншілігі   артып, қоршаған   ортаны   қорғауға   деген   ынтасы оянары анық.
Сенбілік соңында «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрымбетов Мұрат сенбілікке белсенді қатысқан жастарға «Жастар  орталығының»  атынан  алғыс  хаттар табыс етті.  

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!