«КӘСІПКЕРЛІК – -ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» Мақтарал ауданы кәсіпкерлерінің IV Форумы өтті PDF Печать E-mail
03.03.2015 06:25

Форумға облыстық Кәсіпкерлік, индустриалдық инновациялық және туризм басқармасының бастығы Б. Аширбеков,  облыстан келген қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер  қатысты.
Форум өз жұмысында аудан экономикасын зерделей келе, кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын анықтады: Олар:
- Жүйелі өндірістер ашу;
- Сауда логистикалық орталығында жобаларды іске қосу;
- Индустриалдық аймаққа инвестиция тарту;
- Бос тұрған өндірістік кешендерге инвестиция тарту;
1. Жүйелі өндірісте маңызды 3 бағыт белгіленді:
1) Мақтаны терең өңдеу: Мақтарал ауданында шамамен 75-80 тонна мақта талшығы өндіріледі, оның 0,5 пайызы ғана өзімізде терең өңделеді. Шағын зауыттар, цехтар ашылып мақтадан ватин, медициналық мақта, обтарка,  май, мал азығы /жем өнімдері/ шығарылады. 
2) Көкөністі терең өңдеу өндірісі. Кешенде негізінен консервіленген азық-түлік, жемістер мен бақша өнімдерінен шырындар жасау, тез бұзылатын дақылдардан концентрат алу сияқты өндірістер қойылады.
3) Мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу.  Ет-сүт өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін цехтар ашу
2. Қазіргі таңда аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту арқылы бірінші кезекте тұтынуға қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру, өндірілген жеміс-жидек өнімдерін сақтау, тасымалдау айналымын ұлғайту мақсатында, шұғыл қимыл-әрекет етуші  ауданда сауда логистикалық орталығы құрылатын болады.
3. Аудан экономикасының дамуына, кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын  іске асыруға  оңтайлы жағдай жасау мақсатында  Индустриалдық  аймаққа  көлемі  27,8  га жер бөлініп,  аймаққа инвестиция тартылатын болды
4. Аудандағы бос қалған және тоқтап тұрған өндірістік кешендердің меншік иелеріне  іске асыруға  қолайлы инвестициялық жобалар  ұсынылды.
Жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандару мақсатында қаржыландыру көздерінің жаңа формаларымен  таныстырылды. Форумға қатысқан кәсіпкерлер өз ой-пікірлерін ортаға салып пікір алмасты. Жеке кәсіпкер Айжамал  Қоңырбаева өз сөзінде сауда логистикалық орталығына инвестиция тарту  мәселесін көтеріп, аудан әкімі С.Тұрбековтың  кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келгеніне алғысын білдірді.
Форум барысында жергілікті тауар өндірушілердің тауарларына көрме-жәрменке ұйымдастырылды. Атап айтқанда, олар:  құрылыс материалдары, мектеп формалары, аяқ киім өнімдері, мал азығы (құрама жем), көрпе – төсек, табиғи бал, сүт өнімдері, нан және тәтті нан, минералды сулар, медициналық мақта, жеміс ағаштарының көшеттері және ұлттық қол өнері бұйымдары.
Форумда Мақтарал ауданы кәсіпкерлігінің қазіргі жағдайымен даму жолдары талқыланып, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Мақтарал ауданының үздік кәсіпкерлері марапатталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!