Ардагерлерді ардақтайық PDF Печать E-mail

Биыл Елбасының бастамасымен Ұлы Отан соғысының  70 жылдығы кең көлемде атап өту қызу қолға алынды. Елміздің жер-жерлерінде, әрбір бұрышында мереке қарсаңындағы өтіп жатқан көптеген игі іс-шараларды ел бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, біліп жүрміз. Оңтүстіктің қиыр шетінде орналасқан мақталы өңірде де ардагерлерімізді ардақтаған шаралар қарқынды жүруде.             Осы орайда, аудан жастары да батыр аталарына құрмет көрсетуден тыс қалып жатқан жоқ. Қазіргі таңда ауданымызда көзі тірі ардагерлердің қатары 24. Олардың барлығы 90-ды алқымдаған, көпшілігі төсек тартып қалған жандар. Сондықтан олар қандай да бір құрметке лайықты. Өйткені олар біз үшін жандарын аямай кеудесін оққа тосты.  Бүгінгі ұрпақтарының бақытты болашағы үшін жаумен шайқасты. Осындай игі іс-шараны жуырда Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков бастаған топ құрамында «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ардагерлеміздің үйлерін аралап, хал-жағдайларын біліп, сұхбаттасып, келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық  мерекесімен  құттықтады. Ардагерлерге сый-сияпаттар табыс етілді.
Алдағы уақытта да ардагер аталарымызды қолдап-қуаттауға  арналған іс-шаралар жалғасатын болады.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!