Спорт бізді біріктіреді! PDF Печать E-mail

2015 жылдың  21-ақпан  күні  Жетісай  қаласындағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Күлбала спорт кешенінде»  және  Ғ.Мұратбаев  атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  және дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігіне қарасты қала, кент, ауылдық округтерден, жоғары және арнаулы оқу орындарының   арасында  «Спорт  бізді  біріктіреді»  атты   аудандық  воллейбол  турнирі  болып  өтті. Аудандық мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру,жастар арасында дене шынықтыру, сауықтыру және салауатты  өмір салтын  насихаттау, жастарды спортқа тарту, спорттың воллейбол түрін өскелең ұрпаққа дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру  мақсатында  өткізілген   жарысқа  Мақтарал  ауданы  әкімдігіне  қарасты  қала, кент, ауыл  округтерінен  14 команда  қатысты.                                                                         Іс-шараны   ардагерлер кеңесі  төрағасының орынбасары Ә.Исаев  ашып беріп, командаларға  сәттілік  тіледі. Турнирге   ұжымдық  түрде  26  команда және  260-тан астам жас спортшылар қатысты.                                        Төрешілер  мен  ұйымдастыру  алқасының шешімі  бойынша  І – орынды «Сырдария» университетінің  құрамасы  жеңіп  алса, ІІ – орын  Асықата  кентінің  командасының  еншісіне  тиді. Ал  ІІІ – орын Жылы - су  ауыл  округінің  командасы  жеңіп алды. Әр түрлі номинация бойынша Т.Ниязов  «Үздік ойыншы», Т.Заманбек, «Үздік қорғаушы», М.Еркінбек «Үздік шабуылшылар»  атанып,  арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы  заттай  сыйлықтар  табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!