Аудандық жартылай финал ойындары өтті PDF Печать E-mail

Жуырда  ауданымызда  жастардың   бойындағы  мәдениеттілікті, рухани  адамгершілікке, өнерге, білімге   деген   шығармашылық   ізденістерін    дамыту, жастар   арасында   қазақ   тілінің   дамуына   және   жандануына    үлес қосу, жастардың  арасындағы    құқық    бұзушылық    пен    қылмыстың    алдын   алу,  сахна  мәдениетіне    тәрбиелеу    және   талантты    жастарға    қолдау    көрсету    мақсатында  жастар   жанашыры  Мақтарал  аудандық   «Жастар   орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас   Отан»   жастар   қанатының  ұйымдастыруымен «Өткен күн тарих» атты аудандық    жартылай   финал    жайдарман   ойындары    болып   өтті. Қ.Жандарбеков    атындағы   драма    театрында    өткен   сайысқа  арнаулы    оқу   орындары    мен    мектептерден    11 команда   қатысты. Қызықты   өткен    ойынды Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов,  «Жас  Отан»   жастар   қанатының    атқарушы   хатшысы   М.Бейсенбаев, аудандық   білім   бөлімінің    әдіскері   Кеттебеков Бауыржан, «Сырдария»  университеті   құрама    командасының     капитаны М.Сарсенбаев, «Жастар орталығының» мәдени ұйымдастырушысы С.Кенжебаевтар төрелік етті. Қатысушы    командалар    сайысқа    сақадай    сай болып дайындалып    келгендерін    көрсетті. Барлығының    көздегендері    жеңіске   жету. Төрешілердің  шешімі  бойынша «Көңілді жігіттер», «Айхай – шу», «Біздің жігіттер», «Серілер», «Қазақ жастары», «Момышұлы ұландары»    құрама    командалары    финалға    жолдама    алды. Қалған    командаларға    белсенді    қатысып, өнегелі    өнер    көрсеткендері    үшін   дипломдар    табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!