Жастар арасында пікірталас сайысы өтті PDF Печать E-mail

Жуырда Мақтарал  ауданы  жастары  арасында  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен   «Жас  Отан»  жастар  қанатының   ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пікірталас   сайысы  болып   өтті.

Ауданымызда   мемлекттік   жастар   саясатын    жүзеге   асыру, жастардың   тіл  байлығын   және   пікірталас   сайыстарын    дамыту, жастардың   бойында   шешендік    өнерді, көшбасшылық   қасиеттерді   қалыптастыру, өз   ойын   жеткізе    білетін   азаматтар    даярлау, ұйымдастыру   қабілетін   дамыту   мақсатында    өткізілген    сайысқа   ауданымыздағы оқу   орындарынан    төрт    команда   қатысты. Атап айтқанда «Сырдария»  университетінен   «Ақиқат»,  «Жанықұл»  медициналық   колледжінен   «Аманат» , Жетісай медициналық   колледжінен   «Қайраткер» , №14  кәсіптік   колледжінен   «Жас қыран»   фракциялары   сайысқа түсті. «Нұр   Отан»  партиясы ғимаратының   мәжіліс    залында   өткен    дебат   сайысын   Жетісай   медициналық   колледжінің   жастар   ісі   жөніндегі   комитет   төрағасы, жастар жанашыры Мейіржан  Қалдыбаев жүргізді. Аудан әкімі аппараты  ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Өмірбай Камира сөз алып, қатысушыларға   сәттілік    тіледі.                                                                                                       «Бұл палата Ұлттық құндылықтарымызды насихатталуы өз деңгейінде екеніне сенеді», «Бұл палата Жастарды кәсіпкерлікке тарту қаншалықты жоғары екендігіне сенеді», «Бұл палата Оқу орындарында жемқорлықты жоюдың жолын ұсынады», «Бұл палата Қазіргі жастардың белсенділігі жоғары екендігіне сенеді»  деген    тақырыптарда    ой    қозғалып, жастар    өзара    пікір   алмасты. Пікірталас сайысын    ұйымдастырушылар    бекіткен   төрешілер   алқасы    бағалап   отырды. Төрешілер   шешімімен  сайыс   қорытындысында   І – орынды   «Қайраткер»   фракциясы   иемденді. ІІ – орын   «Ақиқат», ІІІ – орын   «Жас қыран»   фракцияларына   бұйырды. «Ең   үздік    спикер»  аталымымен   «Ақиқат»   фракциясының   лидері   Ақерке Жарылқасын марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы    заттай   сыйлықтар   табысталды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!