Мырзакент әкімінің кубогі PDF Печать E-mail

Бүгінде «Жайдарман» ойындарына жастардың қызығушылығы артып, үлкен жобаға айналып отыр. Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыны өз жалғасын тауып, Мырзакент кентіндегі №120 жалпы орта мектепте өтті. Мырзакент кенті әкімшілігінің қолдауымен, Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы»КММ – сі ұйымдастырған сайысқа әкімшілікке қарасты мектептерден 5 команда қатысты. Құрамына аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Бейсенбаев, «Жастар орталығы» КММ директоры Мұрат Нұрымбетов, Мырзакент әкімі аппаратының маманы Мухтар Қалекеев, Сырдария КВН құрамасынан  Үсенов Нұрсұлтан қазылар алқасы жастардың талабын, өнерін бағалады. Сәлемдесу, бес жаңалық шарттары бойынша сынға түскен Жайдарман жастары ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізіп, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін бас жүлде Мырзакент жастары тобы иеленді. Абылайхан жалпы орта мектебі  I – орынды иеленсе, №120 жалпы орта мектебі «Өзіміздің жігіттер» II – орын, III – орынды  №120 жалпы орта мектебі мен Пушкин мектебі өзара бөлісті. Сайыс соңында ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойында мәдениеттілікті, қалыптастыру, өнерге білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету  мақсатында, «Жайдарман» ойынының ауылдарда дамуына үлес қосып, әкім кубогын өткізген Мырзакент әкіміне жастар өз ризашылығын білдірді.  

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!