Аймақтық «Жайдарман» сайысы өтті PDF Печать E-mail
«Жайдарман» - қазіргі  кезде  көптің  ықыласына  бөленіп  жүрген  ерекше  жобалардың  бірі. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысы – жастарды  мәдениеттілікке , интеллектуалды  деңгейін  көтеру  және  өмірлік  дұрыс  бағыт – бағдар  беру  мен  қоғам  дамуына  үлес  қосуға  баулиды.  Жастардың   сүйсіне  ойнайтын, жақсы  көріп  тамашалайтын  сайысы  жуырда «Жаңа ауыл» ауылдық округі әкімі жүлдесі үшін мектеп арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Жайдарман КТК ойыны болып өтті.    «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен өткен  аймақтық  «Жайдарман»  ойынына  Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне қарасты мектептер қатысты.         Сайысты  әділ  бағалаушы  қазылардың  қатарында  аудандық  «Жас Отан» Жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев, «Жастар орталығы» КММ – нің директоры Мұрат Нұрымбетов,  Сырдария КВН  құрамасының капитаны Марат Сарсенбаев, «Жастар орталығы» КММ – нің мәдени ұйымдастырушысы Сүндет Кенжебаевтар әділ төрелік етті.   Қызықты  өткен  сайыс  қорытындысында, әділ – қазылардың  шешімімен  І – орынды  Рудакий жалпы орта мектебінің құрамасы ІІ – орын  Т.Рысқұлов жалпы орта мектебінің құрамасы,   ІІІ – орын  Яссауи жалпы орта мектебінің   командасына  бұйырды
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!