Қарақай әкімінің кубогі PDF Печать E-mail
Жуырда  Қарақай  ауыл  округі  әкімшілігінің  қолдауымен  аудандық  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының   ұйымдастыруымен   «Жүзден  жүйрік, мыңнан   тұлпар»  атты   ауыл   округі   әкімінің   кубогі  үшін  жайдарман   ойыны   болып   өтті. Жастардың   бойындағы   өнерге, білімге   деген   ізденістерін   дамыту, жастар   арасында   қазақ   тілінің   дамуына   және    жандануына   үлес  қосу, талантты   жастарға   қолдау   көрсету   мақсатында  өткен   ойынға   ауыл   округтен   бес   команда    қатысты.         Еліміздің    жастары    үшін   қызықты    жобаға   айналған   жайдарман   ойынын   тамашалауға    көрермендер  де   көп   жиналды. Намысты    қолдан   бермеуге    тырысқан    әр   команда   ұтымды    әзілдерін   айтып, сайысқа   жақсы   дайындықпен   келгендерін   көрсетті. Сайысқа  төрелік  етуші   әділқазылар   қатарында  «Жас  Отан»  жастар   қанатының   атқарушы   хатшысы   М.Бейсенбаев, Қарақай  ауыл   округінің   әкімі  Т.Ташева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ә.Тұрсынханов, «Жастар орталығының» директоры М.Нұрымбетов, Сырдария КВН құрамасының капитаны М.Сәрсенбаев әділ төрелік етті. Сайыстың   қорытындысында   Қарақай  ауыл   округі   әкімі  Т.Ташева   ойынның   қызықты  да   тартысты    өткенін   айтып, іс – шараны    ұйымдастарған   аудандық   «Жастар   орталығына»   өз  ризашылығын   білдірді. Әділқазылардың   шешімі   бойынша  ІІІ – орынды  М.Мамедова мектебінің  «Мәншүк сарбаздары» мен   Ш.Құдайбердиев мектебінің  «Шәкәріәм шәкірттер»  квн  командалары   өзара   бөлісті. ІІ – орын  Ә.Молдағұлов мектебінің   «Жеті нұр»   квн   командасына   бұйырды. І – орын   мен   әкімнің   кубогін   Қараөзек   мектебінің   «Қараөзек   жастары»   иемденді. Командаларға   арнайы   дипломдар   табысталды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!