Болашаққа бастар жол ! PDF Печать E-mail

Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын ел жұртшылығы аса ыждахаттылықпен күтетіндігі ақиқат. Кейінгі кездері, керек десеңіз елімізден тыс шет мемлекеттерде де Елбасы Жолдауын талқылап жататындығын бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп біліп жүрміз. Өйткені, Жолдауда жасампаз жаңалықтар, тың бастамалар, сондай-ақ, жаҺандық мәселелерге деген жан-жақты талдаулар, оларды  шешуге бағытталған жаңаша көзқарас, ұсыныстар кең көлемді баяндалады. Жолдаудың елімізде, тыс жерлерде қызу талқылануы, насихатталуы сондықтан деп есептеймін.
Биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы да кең қолдауға ие болды. Әсіресе, 90 мыңнан астам жастары бар мақталы өңірдің жастарының жер-жерлерде тарихи құжаттың негізгі идеяларын халық арасында түсіндіру, үгіт-насихаттау іс-шараларына белсенді қатысуының өзі сөзімнің айқын дәлелі.
Жолдауда Елбасы «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біздің жастарымыз да Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар алатындығына күмән жоқ.
Ауданымыздағы 1 жоғары, 6 арнаулы орта оқу орындарында 10 мыңдай студент жастар білім алуда. Кәсіпкерлік саласына бет бұрған жастарымыздың саны да жыл сайын арта түсуде. Бұл ретте мемлкеттік қолдауларды жастарға түсіндіріп, кәсіпкерлік бастамаларына жол сілтеуде аудандық Жастар орталығының да үлесі жоқ емес.
Бұдан басқа қазыналы қарияларымызға қамқор болу, үй-жайларына барып, көмек беру, мүгедек жастарға қолдау көрсету секілді іс-шаралар бір жолғы нәрсе емес, жастарды жұмылдыра отырып, тұрақты өткізілуі дәстүрге айналған.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жастар орталығы тарапынан жалғаса бермек. Ең бастысы мақтаралдық жастар Елбасының сара саясатын қолдап, жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігері мен ынта-ықыласын жұмсағаны абзал.
Г.Сұлтанова

Мақтарал аудандық Жастар орталығы
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!