«Толағай» отбасылық сайысы PDF Печать E-mail

14-қыркүйек Халықаралық отбасылар күнін мерекелеу аясында, Мақтарал  аудандық  «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен, жас отбасылар арасында  «Біз салауатты отбасы» атты спорттық – топтық  Толағай жарысы  болып өтті.   Жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, интеллектуалдық деңгейін арттыру, спорт түрлерін  және  жылжымалы ойындарды  өскелең ұрпаққа дәріптеу  мақсатында өткен бұл іс-шараға аудандық емхана, білім бөлімі және мәдениет бөлімі қызметкерлерінен  құралған 9 команда қатысты. Қаламыздағы  Жеңіс  алаңында  өткен  жарысты   аудан әкімінің орынбасары Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы ашып  беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Эстафеталық таяқша, себетке доп салу, шеңберге  доп лақтыру, допты жетелеу, секіртпемен секіру, арқан тартыс, құрбақа  жүру  сынды  7 турдан тұратын  жарысты «Жастар орталығы» мекемесі белгілеген  төрешілер  бақылап  отырды.  Қызықты да тартысты өткен жарыс қорытындысында Қияшов Мейірланның отбасы үздік деп танылып жүлделі І-орынды, Айтбаев Бахтиярдың отбасы ІІ-орынды, Қанахановтың отбасы ІІІ-ші орынды  иеленді. Жеңімпаздар бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысқан өзгеде қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріліп, дипломдар табысталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!