Ардагерлерді ардақтайық PDF Печать E-mail

Республикалық «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Нұр Отан» Мақтарал аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ауданымыздағы  әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.   Аталмыш іс-шара жастардың бойына адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру сынды ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жастарды еңбек етуге шақыру мақсатында өткізіліп, оған ауданның жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді жастары, БАҚ өкілдері, қала, кент, ауыл округтердегі әлеуметтік қызметкерлері белсенділік танытты. Акция барысында жастар Жетісай, Атакент өңірлеріндегі ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты 26 қарияның үйлеріне барып, үй жұмыстарына қолдан келгенше көмек көрсетті.  «Қарттарын ардақтаған ел ардақты» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей, тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы болған қарияларға қоғамымызда қамқорлық қашанда ерекше болған. Көмек   көрсетілген    қарттарымыз    жастарға   өз   ризашылықтарын   білдірді. Осынау игі іс-шара аясында жастар үлкендердің көңілін аулап, батасын   алып  тарқасты. Ендеше  асыл қарттарымыз  қашанда   аман – сау  жүрсін  деп  тілейік.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!