Жас кәсіпкерлер семинары PDF Печать E-mail

Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округіндегі «Қаршыға» шаруа қожалығында облыстық «Жастар орталықтары» директорлары, кәсіпкерлік саласы бойынша мамандары және жас кәсіпкерлердің қатысуымен «Жастар кәсіпкерлікке» деген тақырыпта облыстық семинар-кеңес болып өтті.      Елбасының «Қазақстан – 2050» жолдауындағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларын дамытуға басымдық беріп, қойылған жаңа міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуына  қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген  жастардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру, мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттар беру мақсатында өткізілген жиынды Мақтарал аудандық «Кәсіпкерлікке оқыту орталығының» директоры Нұрлыбек Бахтияров жүргізді.                        Жиын барысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен пайдалылығы жайында, жаңадан кәсібін ашқан жас кәсіпкерлердің алдынан шығатын қиындықтарын жеңілдету жайлы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның қызметкері Талғат Бапаев пен Мақтарал ауданындағы «Жұмыспен қамту» орталығының маманы Асқар Тойлыбаевтар жастарға кеңес берді. Аталған мәселелерді жастар қызу талқылап, өзара пікір алмасты. Жиын соңында жас кәсіпкерлер «Қаршыға» шаруа қожалығын аралап, жұмыстарымен танысты.  

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!