«Толағай» отбасылар сайысы өтті PDF Печать E-mail
Жетісай қаласындағы аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимаратында жас отбасылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, белсенділігін арттыру, спорт түрлерін және жылжымалы ойындарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Біз – салауатты отбасы» атты топтық «Толағай» жарысы өтті.                                                                        Жарысқа аудандағы денсаулық сақтау, білім бөлімі және ауыл округ әкімшіліктері қызметкерлерінен құралған 21команда қатысты.Жарысты аудан әкімшілігінің бас маманы Камира Өмірбаева, облыстық  салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталығы «ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева ханымдар сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Қатысушы командалар «Балдәурен», «Ақсұңқар», «Балғын» топтарында бақтарын сынады. Барлық команда белсенділік танытып, эстафеталық таяқша, дартс лақтыру, допты жетелеу және сап түзеу, секіртпемен, қаппен секіру, қасықпен шар тасу, арқан тартыс сынды турларда өз өнерлерін көрсете білді. Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі белгілеген төрешілер бақылап отырды.                                                                         Спорттық іс-шараны  облыстық салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталығы «ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының  бастамасымен, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар орталығы» мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанаты және аудандық  спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырып өткізді.                                                      Жарыс қорытындысында төрешілер шешіміне сәйкес аудандық білім бөлімі қызметкерлерінен құралған «Балғын» тобы І-орын, ауыл округі әкімшіліктері мамандарынан құралған «Балдәурен» тобы ІІ-орын, медицина саласының қызметкерлерінен құралған «Ақсұңқар» тобы ІІІ-орынды иеленді. Барлық сайысқа қатысушы командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы заттай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!